Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi бастығының блогы

Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi бастығының блогы

Құрметті келушілер!

Мен сiзбен өзiмнiң жеке блогымда кездескенiме қуаныштымын. Біздің мекеме он үш бағдарлама бойынша жұмыс істейді, азаматтарға атаулы әлеуметтік, тұрғын үй көмегін көрсетеді, көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне қолдау көрсетілуде. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызметкерлері қарттар мен мүгедектерге, мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде қызмет көрсетеді.

Біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласындағы жұмыспен қамту, тұрғындарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға оқыту және қайта оқыту мәселелерін шешу болып табылады.

Құрметті келушілер, туындаған мәселелер бойынша уақытында шаралар қабылдау үшін бұл мәселелерде сіздермен байланыс өте қажет.

Сіздермен өзара тығыз байланыс азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі міндеттерді оңтайлы шешуде жәрдемін тигізеріне сенеміз.

 Құрметпен, «Петропавл қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
ММ басшысы Асылбеков Данияр Ерболович

Последние записи

Петропавл қаласында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру барысы туралы

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының негізгі мақсаты тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халық табысын арттыру болып табылады. Петропавл қаласы бойынша Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жоспардың бірінші бағытына сәйкес жүргізіледі: жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, қай…

Автор: Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска || Опубликовано: 27.09.2012
Читать далее…

Үнемі қамқор мен ықылас

(қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығының барысы туралы) Облыс орталығында 37 мың зейнеткер мен 10 мың мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушы тұрады. Қазіргі уақытта қала әкімімен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығын өткізуге дайындық ж…

Автор: Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска || Опубликовано: 17.09.2012
Читать далее…
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOАлтын сапаДКБ2020ӘділетМодернизация пенсионной системы