Қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органның отырысы туралы ақпарат

2021 жылғы 10 наурызда Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi органның отырысы өттi.

Мынадай мәселелер қаралды:

1. Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң әлеуметтiк бейiмдеу орталығында уақытша болатын адамдарға бiлiктi медициналық және психологиялық көмек көрсету туралы.

2. Бұрын сотталған адамдарды қайта әлеуметтендiру процесiнде мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың нысаналы бағдарламаларын ұлғайту арқылы үкiметтiк емес ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердi тарту туралы.

3. Учаскелiк полиция инспекторларының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған адамдармен, сондай-ақ шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамдармен құқық бұзушылықтар және қылмыстардың алдын алу бойынша жұмысы туралы, құқықтық түсiндiру жұмысын жүргiзу туралы.

4. Консультативтiк-кеңесшi орган комиссиясының отырысын өткiзудiң 2021 жылға арналған жоспарын бекiту туралы.

Комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша хаттама жасалды, оларды орындау үшiн комиссия мүшелерiне ұсынымдар берiлдi.

11.03.2021
Қараулар: 391
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOАлтын сапаДКБ2020ӘділетМодернизация пенсионной системы