Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия өткізу туралы ақпарат

Жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 14 сәуірде Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық көбінесе жұмыс берушілер мен жұмысшылардың өз құқықтары мен міндеттерін сақтауына, жалақыны уақтылы төлеуге, еңбекті ұйымдастыруға және жұмыспен қамтылған халыққа жеңілдіктер мен кепілдіктер беруге байланысты. Қадағалау және бақылау органдарының, атқарушы билік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сындарлы өзара іс-қимылы мақсатында қалада жедел ақпарат алмасу жүзеге асырылады.

Қалыптасқан жағдайды талқылау және осы мәселелер бойынша шаралар қабылдау үшін отырысқа Петропавл қаласының кәсіпорындары, ұйымдары, мемлекеттік кірістер басшылары, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері шақырылды.

Келесі мәселелер қаралды:

Әлеуметтік аударымдар және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек туралы

Петропавл қаласының кәсіпорындарындағы жалақы бойынша берешек мониторингі туралы.

әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссия мүшелерінің құрамына жұмыс берушілер тарапынан ұсынылатын кандидатураны енгізу.

16.04.2021
Қараулар: 291
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOАлтын сапаДКБ2020ӘділетМодернизация пенсионной системы