Бүгінгі таңда қаланың 91 кәсіпорны мен ұйымы 720 қызметкерге қажеттілікті сезінуде

Ізденушілерді кәсіпорындар, ұйымдар және олардың Бос орындар ұсыныстары туралы ақпараттандыру мақсатында Бос орындар жәрмеңкелері өткізіледі.

Бос орындар жәрмеңкесіне қатысу үшін қаланың 11 кәсіпорнымен 230 бос жұмыс орны жарияланды, оның ішінде өндіріс және өнеркәсіпте 164 бос жұмыс орны, құрылыс саласында 43 бос жұмыс орны, білім беру саласында 12 бос жұмыс орны және 11 қызмет көрсету саласы.

Анықтама: Бос орындар жәрмеңкесіне № 26 орта мектеп, «Cool Infinity» ЖШС, «Сұлтан ЭММК» АҚ, «Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ, Киров С.М. атындағы зауыты сияқты ұйымдар қатысты. «Казмясопродукт» ЖШС, «Альфа-Север» ЖШС, "MD GROUP CONSTRUCTION» ЖШС, «Петропавл электротехникалық зауыты»ЖШС, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, «ПЕТРОПАВЛОВСКСПЕЦКОММУНСТРОЙ» ЖШС.

Бос орындар жәрмеңкесіне қоңырау шалу және СМС-хабарлау арқылы 442 жұмыссыз, оның ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған мүмкіндігі шектеулі адамдар және атаулы әлеуметтік көмек алушылар шақырылды.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша 90 адам жұмыс берушілерден кеңес алды, оның ішінде 35 адам жұмысқа орналасу үшін жолдамаға, 2 адам жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға 1 адам жүгінеді.

Бос орындар жәрмеңкесіне рұқсаттама "Ashyq"қосымшасы арқылы жүзеге асырылды.

Дәстүрлі Бос орындар жәрмеңкесінен басқа, апта сайын Жұмыс берушілер қосылған тікелей эфирлер арқылы жәрмеңкелер өткізіледі.

12.07.2021
Қараулар: 166
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOАлтын сапаДКБ2020ӘділетМодернизация пенсионной системы