«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихаты шешімінің жобасына баспасөз релиз

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының жаңа редакциядағы жобасын әзірледі.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар өздері қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылатын не өздерінің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асырады және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайды.

Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын жаңа редакцияда бекіту және Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешімінің күші жойылды деп тану қажет.

Петропавл қалалық мәслихатының осы шешім жобасы 2021 жылғы 21 сәуірде ашық НҚА интернет-порталында және жұмыспен қамту бөлімінің сайтында орналастырылған.

«Петропавл қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» КММ
басшысы   Д. Асылбеков

21.04.2021
Қараулар: 331
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOАлтын сапаДКБ2020ӘділетМодернизация пенсионной системы