Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Бос орындар жәрмеңкесі — жұмысқа орналасуға көмектесудің тиімді тәсілдерінің бірі.

Осылайша, 2021 жылғы 18 наурызда, 1 және 16 сәуірде Н. Погодин атындағы облыстық театр ғимаратында және қалалық мәдениет үйі бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Жұмыс іздеп жүрген адамдарға қаланың 80 кәсіпорны мен ұйымы бойынша 700 астам бос жұмыс орны ұсынылды.

Бос орындар жәрмеңкесіне 29 кәсіпорын мен ұйым қатысты: «ПетропавловскСпецКомунСтрой» ЖШС, «Құрылыс Сервис СК» ЖШС, «Коммунхоз» ЖШС, «Севимсталькон» ЖШС, «Мирас групп» ЖШС, «ЛивКосСевер» ЖШС, Петропавл Коммунхоз, «Strongservis» ЖШС және басқалар.

Құрылыс саласында бос жұмыс орындарының тапшылығы байқалады, ол 259 бос жұмыс орны, олар бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы оқытуға өтінімдер беріліп, кейіннен жұмысқа орналастырылды.

Құрылыс саласы бойынша ең сұранысқа ие мамандықтар тас қалаушылар, монтажшылар, дәнекерлеушілер, қосалқы жұмысшылар, бетоншылар, арматуршылар, прорабтар, плиткашылар, электриктер, сылақшы-сыршылар болып табылады.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қала бойынша 4 оқу орталығы оқытумен айналысады.

Жұмыссыздардың бар болғаны 3 ай ішінде тегін оқудан өту мүмкіндігі бар, бұл ретте ай сайын 21 787 теңге мөлшерінде стипендия, сондай-ақ медициналық тексеріп-қарау шығындары үшін 5 834 теңге мөлшерінде өтемақы алуға болады.

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі базасында құрылыс мамандықтары бойынша оқыту басталды және бүгінгі күні 48 адам оқуға кірісті.

Құрылыс мамандықтарына оқыту бойынша оқу орталықтарының тізіліміне енгізу бойынша жұмыстар қосымша жүргізілуде.

Жұмыс берушілерді оларда бар бос жұмыс орындарын ұсынуға, ал әлеуетті қызметкерлерді - олар үшін қолайлы жұмыс іздеуге кеңінен тарту үшін, оның ішінде жұмыс берушілермен тікелей байланыс арқылы, 3 бос орын жәрмеңкесі өткізілді.

Бос орындар жәрмеңкесіне 300 астам адам қатысты.

Алдағы уақытта Бос орындар жәрмеңкесін апта сайын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Қала тұрғындарына жұмысқа орналасу, оқу, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу мүмкіндігі туралы нақты түсіндіру мақсатында сәуір айынан бастап Мобильді жұмыспен қамту орталығы жұмыс істей бастайды, ол Сауда орталықтарында жұмыс істейтін болады.

Биыл алғаш рет жұмыссыздарға бос жұмыс орындары туралы СМС хабарлау, сондай-ақ кәсіптік оқыту курстарынан өту мүмкіндігі бойынша жұмыс басталды.

Келесі Бос орындар жәрмеңкесінің өтетін күні туралы ақпарат Петропавл қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының ресми сайтында орналастырылатын болады.

16.04.2021
Қараулар: 335
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOАлтын сапаДКБ2020ӘділетМодернизация пенсионной системы