100 нақты қадам

100 нақты қадам — ұлт жоспары

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы

Петропавл қаласы бойынша «100 қадам — Ұлт жоспарының» 84-қадамын iске асыру туралы ақпарат

84-қадам. Әлеуметтiк көмектi оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру. Әлеуметтiк көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берiлетiн болады. Кiрiсi төмен еңбекке қабiлеттi азаматтарға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтiк бейiмдеу бағдарламаларына белсендi қатысуы жағдайында ғана берiлетiн болады

Солтүстiк Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасын iске асыру туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi Мемлекет басшысының «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» ұлттық жоспарында баяндалған тапсырмасын iске асыру аясында әлеуметтiк көмектiң атаулы сипатын күшейту арқылы оны оңтайландырудың жаңа әдiстерiн қарастыруда.

Халықтың әлжуаз топтарының өмiр сүру деңгейiн арттыру, масылдық ниеттi жою, кедейлiк шегiндегi отбасының нақты табысын арттыру мақсатында Солтүстiк Қазақстан облысының Петропавл қаласында «Өрлеу» жобасы iске асырылуда. Үмiткер оған қатысу үшiн қажеттi құжаттар топтамасымен бiрге өз атынан жеке немесе отбасының атынан жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне жүгiнуi қажет.

«Өрлеу» пилоттық жобасы өзiнiң нәтижелiлiгiн және әлеуметтiк маңыздылығын көрсетiп отыр. Оған қатысқан отбасылары материалдық жағдайларын жақсарта алды.

2016 жылы осы жобаға Петропавл қаласы қатысты, 13 әлеуметтiк шарт жасалды, 46 адам жұмысқа орналастырылды. 46 адамға 1,6 млн. теңге сомасында көмек төлендi, бұл ретте, қатысушылардың жан басына шаққандағы табысы 3,2 астам есе артты (4474,0 теңгеден 14742,0 теңгеге дейiн).

2017 жылы «Өрлеу» жобасын әрi қарай iске асыру үшiн мемлекет тарапынан қаражат бөлiндi.

«Өрлеу» жобасымен 55 отбасын (200 адам) қамту жоспарлануда, 55 еңбекке қабiлеттi адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысады. Жобаны iске асыру үшiн бюджеттен 7,1 млн. тенге, соның iшiнде республикалық бюджеттен 4,3 млн. тенге сомасына нысаналы трансферттер және жергiлiктi бюджеттен 2,8 млн. тенге сомасына каражат бөлу көзделген.

2017 жылғы 01 шiлдедегi жағдай бойынша отбасын белсендiруге 27 әлеуметтiк шарт жасалып, 115 адам жоба қатысушы атанды.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына 27 адам қатысты, оның iшiнде:

25 адам тұрақты жұмыс орындарына;

1 адам уақытша жұмыс орнына;

1 адам әлеуметтiк жұмыс орнына орналасты.

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOАлтын сапаДКБ2020ӘділетМодернизация пенсионной системы