Өмiрбаян

Данияр Ерболұлы Асылбеков

Данияр Ерболұлы Асылбеков

Данияр Ерболұлы Асылбеков Петропавл қаласы әкiмiнiң 2018 жылғы 29 қарашадағы № 311 өкiмiмен «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ басшысы болып тағайындалды.

Асылбеков Данияр Ерболұлы 1981 жылғы 12 тамызда Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Жаңаталап ауылында дүниеге келген.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк университетiн бiтiрген.

Мамандығы: математика, қаржы.

Еңбек жолын 2002 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы қалалық классикалық гимназиясында математика пәнiнiң мұғалiмi, зерханашы, оператор болып бастаған.

Өзiнiң еңбек қызметiнде Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласының Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы облыстық филиалының аға маманы, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының жиынтық-талдау бөлiмiнiң бас маманы, Петропавл қаласы әкiмi аппаратының бақылау-ұйымдастыру бөлiмiнiң бастығы, Петропавл қаласы әкiмiнiң көмекшiсi, Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi бастығының орынбасары, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлiмiнiң нұсқаушысы, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлiмiнiң меңгерушiсi, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бас инспекторы, облыс әкiмiнiң бас инспекторы — Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлiмiнiң сыртқы байланыс секторының меңгерушiсi, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппараты индустриялық-инновациялық даму бөлiмiнiң меңгерушiсi лауазымдарын атқарған.

2018 жылғы сәуiр айынан бастап қазiргi уақытқа дейiн «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» КММ аймақтық жобалау басқармасы бөлiмiнiң бас инспекторы лауазымын атқарды.

Отбасы жағдайы: үйленген, екi бала тәрбиелеп отыр.

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOАлтын сапаДКБ2020ӘділетМодернизация пенсионной системы