«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар»

Конкурс «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобасы» байқауының қорытындысы бойынша ақпарат

2018 жылғы 3 шiлде күнi Петропавл қаласында республикалық конкурсының аумақтық кезеңi аяқталды. Бұл конкурс «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратымен және Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiмен ұйымдастырылды. Петропавл қаласы конкурстық комиссиясының шешiмi бойынша жүлделi орындар былайшабөлiндi:

1 орын«Солнечный дом» түзеу, дамыту және сүйемелдеу орталығы» жобасы. Жоба авторы — Анастасия Геннадьевна Швец — «Даунсиндромымен ауыратын балалар мен ересектерге көмек» ҚҚ президентi.

2 орын «Шаг навстречу» жобасы. Жоба авторы — Галина Анатольевна Бондаренко — «Улыбка» жекеменшiк балалар қайырымдылық қорының президентi.

3орын «Ерекше қажеттiлiктерi бар балаларға арналған туристiк бағыттарды ұйымдастыру» жобасы. Жоба авторлары — Жiбек Ерешқызы Бөкенова — «№16 ОМ» КММ тарих пәнiнiң мұғалiмi, Гүлмира Ерешқызы Ерешева «Бiрiншi қалалық жалпы бiлiм беретiн лицей» КММ мұғалiмi.

1 орынға ие болған жоба конкурстың 2018 жылғы 16 — 31 шiлде аралығында өтетiн аймақтық кезеңiне қатысады.

«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» бойынша іріктеуді өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

Әдістемелік ұстанымдар жергілікті атқарушы органдармен өңірлік деңгейде «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» (бұдан әрі — іс-шаралар) бойынша іріктеуді ұйымдастыру және өткізу іс-шаралар тәртібін реттейді.

Іс-шаралар өмірдің қиын жағдайын тап болған, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, қоғамдық бірлестіктерге қолдау көрсету, халықтың әлеуметтік осал топтарының өмірлік деңгейін көтеру мақсатында әзірленді және ұсынымдық сипатқа ие.

1. Іс-шараны ұйымдастырушы

  1. Іс-шараны республикалық деңгейде ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі — Министрлік) болып табылады, өңірлік деңгейде облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі — Басқарма) жүзеге асырады.
  2. Өңірлік деңгейде іріктеу турын өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін жергілікті атқарушы органдар үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша Комиссия құрады.
  3. Әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша Комиссия құрамына «Нұр Отан» партиясы филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Үйлестіру кеңесінің мүшелері, ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарының өкілдері, әкімдердің мүмкіндігі шектеулі азаматтар мәселелерімен айналысатын кеңесшілері және басқа да ынталы адамдар қосыла алады.

2. Іс-шараны өткізу тәртібі

  1. Өңірлік деңгейде әлеуметтік жобаларды іріктеу ағымдағы жылдың наурыздан бастап маусым айы аралығындағы кезеңінде Комиссиямен жүргізіледі.
  2. Аталған іс-шараларда қаржыландыру көздеріне қарамастан халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде қызмет атқарып отырған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектердің қоғамдық ұйымдары, басқа мекемелер, ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады (бұдан әрі — Қатысушылар).
  3. Жергілікті атқарушы органдар өңірлік ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалдарымен бірлесіп жұмыс берушілер қатарынан Астана қаласына республикалық Көрмеге алып жүру үшін демеушілерді тарта алады.
  4. Комиссия әлеуметтік жобаларды іріктеуді келесі критериялар бойынша жүргізе алады:
    1. жобаның әлеуметтік маңыздылығы;
    2. жоба негіздемесінің өзектілігі;
    3. жоба шеңберінде өмірлік қиын жағдайда жүрген қамту, әлеуметтік қолдау көрсету түрлері жәнеіске асырлған жобалардан оң нәтижелердің бар болуы;
    4. ұсынылған құжаттарды, презентациялау материалдарын ресімдеу сапасы;
    5. 1 жылдан астам мерзімде жүзеге асырылған жобалар;
    6. жобаға қатысушылардың жасына шектеудің болмауы;
    7. жобалар материлдарын слайд немесе ролик түрінде жасау (презентация ұзақтығы 3-5 минут);
    8. алдыңғы республикалық Көрмеге ұсынылған жобалар қайталап қаралмайды;
    9. әлеуметтік жобаларды іске асыруға жеке қаражатын салу фактілері нескеру керек.
  5. Қажеттілік туындаған кезде Комиссия мүшелері «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу критерияларына түзетулер енгізе алады.
  6. Іріктеу турына қатысуға өтінім қосымшадағы нысан бойынша
    (№ 1 қосымша) өңірлік деңгейде өткізілетін іріктеу турының басталған уақытынан бастап ұсыныла алады.
  7. Қатысушылардың қолына жобаның толық материалдарының қабылданғаны туралы хабарлама берілуі мүмкін.
  8. Жоғарыда аталған критериялар тәртібін сақтамаған жағдайда Комиссия қатысушыларға ұсынылған материалдарды кері қайтарып беруі мүмкін.
  9. Жобаларды іріктеу кезінде таласты сұрақтар туындаған жағдайда Комиссия төрағасының шешімі басымды құқыққа ие болуы мүмкін.
  10. Комиссиямен іріктеп алынған жобалар материалдары ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне Министрлікке республикалық көрмеге жолданады.
  11. Қосымша ақпараттарды алу және ұсыну үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына көрсетілген телефон бойынша: 46-29-01 және электрондық мекенжайға: reabil-ukzsp@sko.kz, zsp@sko.kz немесе аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне хабарласуларыңыз қажет. 

Барлық қажетті ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сайтынан алуға болады.

«2017 жылы Қазақстанда жүзеге асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» конкурсын өткiзу туралы»

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2014 жылғы 28 қарашадағы № 139-ө өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершiлiк құндылықтарды нығайтудың 2015 — 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық iс-шаралар жоспарының 25-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен халықтың әлеуметтiк-әлжуаз топтарының өмiр сүру сапасын жақсарту бойынша үкiметтiк емес ұйымдардың оң тәжiрибесiн тарату, өмiрлiк қиын жағдайға тап болған мүмкiндiктерi шектеулi тұлғаларды, мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiн қолдау мақсатында «2017 жылы Қазақстанда жүзеге асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» конкурсын өткiзу жоспарланып отыр:

  • жетiм балалар;
  • мүгедектер;
  • аз қамтылған және көп балалы отбасылар;
  • жұмыссыз, жалғыз және жалғыз тұратын азаматтар;
  • егде жастағы тұлғалар, ардагерлер және өзге санаттағылар.

Конкурс 2 айналымнан тұрады:

1 айналым (iрiктеу) — облыстық, 2017 жылғы наурыздан маусымға дейiн өтедi;

2 айналым (финалдық) — республикалық, 2017 жылғы қыркүйек айында өтедi, оған 1 айналымның 1 жеңiмпазы қатысады.

Аталған iс-шараға қоғамдық бiрлестiктер, мүгедектер ұйымдары, қаржыландыру көзiне қарамастан қызметiн халықты әлеуметтiк қорғау жүйесi шеңберiнде жүзеге асыратын өзге мекемелер мен ведомстволар, жеке тұлғалар және өзге де үкiметтiк емес ұйымдар қатыса алады.

Барлық сұрақтар бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына 8-7152-46-29-01, 8-7152-40-05-93 телефоны бойынша, Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне хабарласуға болады.

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOАлтын сапаДКБ2020ӘділетМодернизация пенсионной системы