Тұрғын үй көмегін тағайындау

Тұрғын үй көмегі- ол тұрғын үйді ұстауға (оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтау үшін жарналарға), мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алуға, коммуналдық қызметтерді, сондай-ақ телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде ПИК және байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындарды өтеуге арналған өтемақы.

Мемлекеттік қызмет мынадай нормативтік құқықтық актілер негізінде көрсетіледі:

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы;

«Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысы

«Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы шешімі

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі бұйрығы

«Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі бұйрығы

Егер жоғарыда көрсетілген мақсаттарға арналған шығыстар отбасының өткен тоқсандағы жиынтық табысының 10% - ынан асқан жағдайда, бекітілген нормалар шегінде аз қамтылған азаматтарға (мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй иелеріне немесе тұрғын үйді жалға алушыларға) тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

Оны есептеуге тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтердің барлық түрлеріне (сумен жабдықтау, канализация, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, қоқыс шығару, газбен жабдықтау), ПИК және лифтілерге қызмет көрсетуге, сондай-ақ байланыс қызметтеріне арналған шығыстар кіреді.

Бұл көмектің мөлшері әр отбасы үшін жеке есептеледі және тұрғындардың санына, жиынтық табысқа, пәтердің ауданына және осы мақсаттарға нақты шығындарға байланысты болады.

Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде есепке алынады:

  • отбасы құрамы;
  • тұрғын үй алаңы;
  • тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге, ПИК және байланыс қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстар;
  • өтініш берушінің (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алған табыстары (оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс), тұрғын үй көмегінен, жерлеуге және бала тууға берілетін біржолғы жәрдемақылардан, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және бірінші, екінші және үшінші топтағы 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға атаулы әлеуметтік көмектен, МӘЖ мен АМЖ-дан, Стипендиялардан (жоғары оқу орындары, училищелер, колледждер, жоғары оқу орындары,)басқа.

Тұрғын үй көмегін алушылар:

тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар тапсыру кезінде толық және сенімді мәліметтер ұсынуға;

тұрғын үй көмегінің артық төленген сомасын ерікті түрде қайтаруға міндетті.

Тұрғын үй көмегін алушылар көрсетілген міндеттемелерді орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін келесі құжаттарды ұсына отырып, тоқсан сайын жеке өз атынан немесе отбасының атынан халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгіну қажет:

  • белгіленген үлгідегі өтініш.
  • өтініш берушінің және оның отбасының барлық мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • отбасының табысы туралы мәліметтер;
  • төлем туралы түбіртектер негізінде тұрғын үйді ұстау, жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстар туралы мәліметтер.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың өтемақысына құқығы бар отбасылар (тұлғалар) қосымша:

пәтер иелерінің жалпы жиналысында бекітілген, тұрғын үй инспекциясымен келісілген күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасының негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шотты ұсынады.

Күрделі жөндеу үшін төлемдер тіркелген кондоминиум объектісін басқару органының шотына тиесілі сомаларды аудару жолымен жүргізіледі.

Тұрғын үй көмегін алуға үміткер жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелуі қажет.

  • мүгедектерді;
  • бір айдан астам стационарлық емделудегі адамдарды
  • туберкулезбен ауыратын науқастарды;
  • онкологиялық және психикалық аурулары бар, емдеу мекемелерінде тұрақты есепте тұрған және уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы дәрігерлік - консультациялық комиссияның қорытындысы бар азаматтар;
  • магистратура мен аспирантураны қоса алғанда күндізгі оқу нысанындағы оқушылар, студенттер, тыңдаушылар мен курсанттарды;
  • I және II топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, 3 жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда.

Жұмыссыз ретінде тіркелу фактісі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасымен расталады.

Тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді бөлім өтініш берушіден барлық қажетті құжаттармен бірге өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі нормалар мен өлшемдер ескеріледі:

  • тұрғын үй алаңы бойынша:
  • жалғыз басты азаматтар үшін-30 шаршы метр;
  • екі адамнан тұратын отбасы үшін-48 шаршы метр;
  • үш және одан да көп адамнан тұратын отбасы үшін-әр адамға18 шаршы метр.
  • коммуналдық қызметтердің басқа түрлері бойынша - орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес.

Тұрғын үй көмегі бойынша толық ақпарат алу үшін мына мекен-жайға хабарласу қажет: Театральная көшесі, 36, 10 кабинет, тел. 400592, 400590.

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOАлтын сапаДКБ2020ӘділетМодернизация пенсионной системы