2017-2021 жылдарға арналған өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiк бағдарламасы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы (ZIP 188 Kb)

2017-2021 жылдарға арналған өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiк бағдарламасы бойынша ақпарат

Елбасының халық өмiрiнiң деңгейiн арттыру бойынша шаралар қолдану үшiн, Үкiмет алдында жаппай кәсiпкерлiк пен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудi ынталандыру бойынша мiндет қойылды. Аталған тапсырмасын орындау мақсатында 2016 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң №919 қаулысымен «2017-2021 жылдарға арналған өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiк бағдарламасы» бекiтiлдi.

Бағдарламаның бiрiншi бағыты аясында азаматтардың өз бетiмен жұмысқа орналасу немесе өз iсiн ашу мүмкiндiгiн кеңейту үшiн қажеттi кәсiптерге жаппай оқыту ұйымдастырылмақшы.

Ол келесi мiндеттердiң орындалуын көздейдi:

  • Еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, техникалық және кәсiби бiлiмдi (ТжКБ) кадрларды дайындау;
  • Жұмыс кадрларын қажеттi кәсiптер мен дағдылар бойынша қысқа мерзiмдi кәсiби оқулар;
  • Техникалық және кәсiби бiлiм беру (әрi қарай ТжКБ) кәсiптер тiзiмiне және оқытудың екi деңгейлi моделiнiң модульдiк бағдарламасына сай ТжКБ кадрлар дайындау бойынша бағдарлама қатысушыларына тегiн ұсынылады.

ТжКБ кадрлар дайындау бойынша бағдарлама қатысушылары қиын өмiр жағдайына тап болған және аз қамтылған отбасы мүшелерi және тағы басқа санаттағы азаматтар, оқу орындарына түсе алмаған 9-11 сынып оқушылары, жұмыс iздеп жүрген тұлғалар болып табылады.

Бағдарламаға Петропавл қаласы бойынша 6 колледж қатысады, дайындық 115 мамандық бойынша iске асырылады, 280 адамға қысқа мерзiмдi кәсiби оқытуды ұйымдастыру үшiн, 2017 жылы 48,114 мың теңге бөлiндi.

Оның қатысушылары екi жұмысшы мамандығы бойынша тегiн бiлiм алады және оларға шәкiртақы, жол ақысы төленедi және қолданыстағы нормативтiк актiлерге сәйкес бiр реттiк ыстық тамақпен қамтамасыз етiледi.

Қысқа мерзiмдi кәсiби оқытуға оқыту мерзiмi 1 айдан 6 айға баратын жұмыс кадрларын даярлау немесе қайта даярлау кiредi. Аталған шараның ерекшелiгi — мамандығы жоқ, өз кезiнде ешбiр оқу орнына түспеген азаматтарға мамандықты тегiн алу мүмкiндiгi. 29 жасқа дейiнгi жастар мен жұмыспен қамту орталықтарында тiркелу-тiркелмеуiне қарамастан жұмыссыздар мен өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар қысқа мерзiмдi кәсiби оқыту бойынша бiлiм ала алады.

Сонымен бiрге, аймақтарды дамыту бағдарламасы шеңберiнде 13 млн теңге сомасына 183 адам келесi мамандықтар бойынша бiлiм алуы жоспарланып отыр: тiгiншi, электромонтер, аспаз, механизатор, тас қалаушы, ағаш ұстасы, кондитер, токарь, автослесарь.

Бүгiнгi күнi қалалық жұмыспен қамту орталығына кәсiби оқыту мәселесi бойынша 610 адам, оның iшiнде, 562 адам қайта даярлықтан өту үшiн, 38 адам бiлiктiлiгiн арттыруға және 10-ы «автослесарь» мамандығын алу үшiн жүгiндi.

Бағдарламаның екiншi бағыты шеңберiнде жаппай кәсiпкерлiктi дамыту қарастырылған, оның негiзгi мiндеттерi:

1. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту;

2. Кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау;

3. Қалалар мен ауылдарды микронесиелерге кепiлдiк беру;

Микронесиелердi беру шарттары:

1. Микронесиенiң мерзiмi — 5 жылға дейiн, мал шаруашылығы саласы үшiн және ауылшаруашылық кооперативтер құру үшiн микронесие мерзiмi — 7 жылға дейiн;

2. Микронесиенiң максималды сомасы — 16 млн-ға дейiн;

3. Жылдық тиiмдi сыйақы мөлшерлемесi — жылына 6 пайыздан артық емес;

4. Негiзгi берешектi өтеу бойынша жеңiлдiктер кезеңiн және кредитордың шешiмi бойынша микрокредит беру мерзiмi ұзақтығының үштен бiрiнен аспайтын мерзiмге сыйақы алу мүмкiндiгi;

5. Микронесиелiк қаржы ұйымы, екiншi деңгейдегi банктер мен Бағдарлама қатысушысы арасындағы келiсiм-шартта, мiндеттi түрде, iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлер жобасын алмағанда, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарттар көрсетiледi.

Бағдарламаның үшiншi бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыруда атаулы қолдауды күшейтудi, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру және еңбек нарығы инфрақұрылымдарын дамытуды қарастырады.

Әлеуметтiк жағынан осал азаматтарды жұмысқа орналастыру «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасында қолданылған құралдар арқылы жүзеге асырылады.

Бұл, атап айтқанда:

1. Әлеуметтiк кәсiби бағыттау, мамандық таңдауда көмек беру, оқыту және жұмысқа орналастыру мәселелерi бойынша кеңес беру. Кәсiби бағыттау жұмыс iздеп жүрген, жұмыссыз, өзiн-өзi жұмысаен қамтыған тұлғалар үшiн, студенттер, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң жоғары сынып оқушылары үшiн жүзеге асырылады және халықты жұмыспен қамту орталықтары, кәсiпкерлердiң аймақтық палатасын тарта отырып бiлiм беру ұйымдары, жеке агенттiктер жүргiзедi.

2. Өтiнiш бiлдiрген азаматтар үшiн қолайлы бос орындарды iздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жұмыспен қамту орталықтарымен жүзеге асырылады.

Қажеттi бiлiктiлiгi болмаған жағдайда, бағдарлама қатысушылары жұмысқа орналаса алмайды, бағдарламаның бiрiншi бағыты шеңберiнде техникалық және кәсiби кадрларды дайындау және қысқа мерзiмдi кәсiби оқытуға жолданады.

Мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдары, ұлттық компаниялар мемлекеттiк және үкiметтiк бағдарламаларды, аймақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде, бағдарлама қатысушыларына халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша құрылыс және қайта жаңарту кезiнде жаңадан құрылған жұмыс орындарын 10 пайыздан кем емес және ағымдағы және күрделi жөндеу, абаттандыру жобалары кезiнде 15 пайыздан кем емес ұсынады.

3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын құру — жұмыссыздар жалақысының 35 пайызын субсидиялай отырып, жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс берушi мен халықты жұмыспен қамту орталықтары арасында келiсiм бойынша құрылады; әлеуметтiк жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан жеке және тұрақты жұмыс орындарына бос орынсыз құрылады.

Азаматтардың әлеуметтiк жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.

Жергiлiктi атқару орган халықты жұмыспен қамту мәселесi бойынша қалыптасқан сұраныс пен ӘЖО ұйымдастыруға ұсыныстар негiзiнде, ӘЖО құруға тапсырыс берген ұйымдар тiзiмiн, нақты жұмыс шарттарын, еңбекақы мөлшерiн және қаржыландыру көздерiн бекiтедi. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекiтiлген тiзiмге сәйкес, жұмыс берушiмен ӘЖО ұйымдастыру мен қаржыландыруға келiсiм-шарт жасайды.

4. Жастар тәжiрибесiн ұйымдастыру — түлектердiң алған кәсiбi (мамандығы) бойынша бастапқы тәжiрибе алу мақсатында, 29 жастан артық емес, 3 жыл iшiнде оқуын аяқтаған бiлiм беру ұйымдары түлектерi есебiнен жұмыссыздар үшiн ұсынылады.

Жастар тәжiрибесiнiң ұзақтығы 6 айдан аспайды.

ӘЖО-дағы сияқты, жастар тәжiрибесiн ұйымдастаруға тапсырыс берген ұйымдар тiзiмi анықталады, жұмыс берушi халықты жұмыспен қамту орталығымен келiсiм-шарт негiзiнде, жастар тәжiрибесiнен өту үшiн жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындары түлектiң алған мамандығына сәйкес болады. Айлық субсидия мөлшерi — 25 АЕК (56725 теңге) құрайды.

5. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру — қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлығын талап етпейдi және әлеуметтiк-пайдалы бағыты бар. Жергiлiктi бюджет қаражаты және жұмыс берушiлер тапсырыстары қаражаты аясында қаржыландырылады.

Жұмыссыздармен қатар қоғамдық жұмыстарға студенттер мен жазғы демалыс кезiнде жалпы бiлiм беретiн мектептердiң жоғары сынып оқушылары, жұмыстың тоқтауына байланысты жұмыспен қамтылмаған тұлғалар қатысуға құқылы.

Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 6 айдан аспайды.

Қоғамдық жұмысшылардың еңбекақысы ең төменгi жалақы мөлшерiнен кем болмауы тиiс.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын жетiлдiру үшiн, жыл сайын ҚР Үкiметiмен анықталатын аймақтарға өз еркiмен қоныс аударатын тұлғаларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қарастырылады.

Қоныс аударуға ынталандыру үшiн қолданыстағы әлеуметтiк пакет (бастапқы бейiмделуге арналған құралдар, жол жүруге және багажды алып жүру шығындарын өтеу) ұсынылады.

Еңбек нарығы инфрақұлымын дамыту үшiн, жұмыс iздеу және персоналды iрiктеуге жәрдемдесу үшiн еңбек нарығының Бiрыңғай ақпараттық базасы құрылды.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын iске асыру туралы 2016 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша ақпарат

Статистика мәлiметтерi бойынша 2016 жылдың 1 тоқсанындағы жағдай бойынша қала халқының саны 217,4 мың адамды құрады, олардың iшiнде 119,0 мың әйел. Экономикалық белсендi халық 114,4 мың адамды немесе жалпы қала тұрғындарының 51%-ын құрады, соның iшiнде жұмыссыз тұрғындар — 4,9 мың адам, жұмыспен қамтылған тұрғындар — 109,5 мың адам, олардың iшiнде жалданған жұмысшылар — 89,7 мың адам, өздiгiнен жұмыспен қамтылғандар — 19,8 мың адам. Жұмыссыздық деңгейi — 5% (жұмыссыздықтың облыстық деңгейi — 5%, республикалық — 4,9%).

Бағдарламаға қатысу мәселесi бойынша өтiнiш берген адамдар саны 2016 жылғы 01 шiлдеде 605 адамды құрады, Бағдарламаға қатысушылар құрамына 586 адам кiргiзiлдi. Олардың iшiнде: iшiнара жұмыспен қамтылғандар — 197 немесе 33,6%, жұмыссыздар — 342 немесе 58,3%, өзiн-өзi жұмыспен қамтушылар — 51 немесе 8,7%, соның iшiнде 29 жасқа дейiнгi жастар — 405 немесе 69,1%, мүгедектер 13 немесе 2,2%.

Бiрiншi бағыт: «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету»

Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бiрiншi бағыты аясында 2016 жылы жалпы сомасы 232,5 млн. теңгеге 22 әлеуметтiк-мәдени сала объектiсiн жөндеу көзделген, соның iшiнде 10 бiлiм беру объектiсi, 2 — мәдениет, 4 — денсаулық сақтау, 3 — әлеуметтiк қорғау, 3 — спорттық мақсаттағы объектiлер. 148 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, соның iшiнде 78-i Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы.

Соның iшiнде қалалық деңгейде — 9 (89,254 млн. теңге), соның iшiнде бiлiм беру — 8 (81,528 млн. теңге), спорт — 1 (7,726 млн. теңге).

Объектiлерде жөндеу жұмысын жүргiзген кезеңде 64 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, соның iшiнде 32-сi Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы Жұмыспен қамту жол картасының қатысушылары үшiн.

Ағымдағы жылғы 01 шiлдедегi жағдай бойынша 5 жоба бойынша тконкурс рәсiмдерi жалғасуда, 17-сi бойынша — тамамдалды. Жөндеу жұмысына кiрiскен 14 объектiде 47 адам жұмысқа орналастырылды. 3 жоба бойынша жұмыс аяқталды.

Екiншi бағыт: «Кәсiпкерлiк бастаманы ынталандыру»

Бағдарламаның екiншi бағыты бойынша 2016 жылы жалпы сомасы 183 млн. теңгеге 71 кредит беру жоспарланып отыр.

1 шiлдедегi жағдай бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына жалпы сомасы 154 млн. теңгеге кредит беру мәселесi бойынша 60 адам жүгiндi.

Қазiргi таңда жалпы сомасы 65,8 млн. теңгеге толық құжаттар пакетiмен 24 өтiнiм қалыптастырылды, олар «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-да қарастырылуда. Кредиттiк комитет жалпы сомасы 25,5 млн. теңгеге 9 жобаны мақұлдады. Бiрiншi транш бойынша бөлiнген сомалар толық көлемде игерiлдi.

Кредит алғандардың жалпы санынан 9-ы: бизнес ашуға және құруға — 2 жоба, жалпы сомасы 6 000 мың теңге (ЖК Галеева А.Х., ЖК Қоспанов С.М.);

өз iсiн кеңейтуге 7 жоба, 19 500 мың теңге сомасына (ЖК Сұлубеков Т.С., ЖК Вяткин Д.Г., ЖК Жақаев К.М., ЖК Булычева И.П., ЖК Ермағамбетов А.С., ЖК Марзағұлов Ж.Г., ЖК Кошкимбаев Ж.Б.).

Соның iшiнде: атты туризмдi кеңейтуге — 1, жүк тасымалдауды — 6, автомобиль сатып алуға — 1, мал шаруашылығына — 1.

Барлығы 18 адам оқытылады. Оқуды Солтүстiк Қазқстан облысы бойынша кәсiпкерлер палатасында ұйымдастырылады.

Үшiншi бағыт: «Жұмыс берушiнiң қажеттiлiгi шеңберiнде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»

Бiрiншi компонент «Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу».

24 адам кәсiби оқытуға жiберiлдi.

Олардан қайта даярлыққа — 20 адам, 2 млн. 293 мың теңге бөлiндi, 2 млн. 290 мың теңге игерiлдi. Қаята даярлауды тамамдағандар жалпы санынан 20 адам (тiгiншiлер — 10 жұмыссыз, 5 адам электр-газбен дәнекерлеушi және 5 электромонтер). 16 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 4-еуi дәлелдi себептермен жұмысқа орналастырылмады — 2-еуi баланы қарайды, 1-еуi — жүктiлiк пен бала туу бойынша, 1-еуi сырқаттанғандықтан (4 тiгiншi).

4 адам бiлiктiлiктi арттыру курсына жiберiлдi. 153 мың теңге бөлiндi, 153 мың теңге игерiлдi. Бiлiктi арттыру курсынан 4 адам өттi (2 электр-газ дәнекерлеушi және 2 электромонтер), барлығы тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылды.

Ағымдағы жылғы қыркүйектен бастап үшiншi бағыттың бiрiншi компонентi шеңберiнде қайта даярлауды немесе бiлiктiлктi арттыруды ұйымдастыруға дайын өнеркәсiптiк кәсiпорыннан жұмыс берушiлерге 189 адамды өндiрiстен қол үзбестен оқыту үшiн 20 млн. теңге сомасында гранттар жоспарланған, бiрақ жұмыс орындарын сақтау шартымен, соның iшiнде:

55-64 жас аралығындағы азаматтарды оқыту үшiн (2 млн. теңге көзделген);

өнеркәсiптiк кәсiпорындарда жұмыс iстейтiн, 18-24 жас аралығындағы жұмысқа қабiлеттi жастар үшiн 41 адамға (4,7 млн. теңге көзделген);

санатын айқындамастан 131 адамды оқыту үшiн (13,4 млн. теңге көзделген).

Оқытуға жұмсалатын шығыстың 80%-ын мемлекет, ал 20%-ын жұмыс берушiлер өздерi жүзеге асыратын болады. Қаланың 8 кәсiпорны басшыларына (Киров ат. зауыт, ЗИКСТО, ҚазМұнайГаз, Сұлтан-ЭММК, Сұлтан Кондитерлiк өнiмдер, ПЗТМ АҚ, Севказэнерго АҚ, «Радуга» ЖШС) Бағдарламаға қатысу туралы хаттар жолданды.

Мемлекеттiк қолдау шараларынсыз тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру

Деректер базасында бар бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 232 адам жұмысқа орналастырылды (олардан жұмыссыздар — 215 адам, өзiн-өзi жұмыспен қамтушылар — 18 адам, 29 жасқа дейiнгi жастар — 96 адам, әйелдер — 145).

Әлеуметтiк жұмыс орындары

Әлеуметтiк жұмыс орындарына қаланың 12 ұйымынан жоспар бойынша 30 адам болса, 44 қатысушы жұмысқа орналастырылды (барлығы 8 млн. 254 мың теңге бөлiндi, 3 211,0 мың теңге игерiлдi).

Жастар практикасы

Жастар практикасына жоспар бойынша 100 адам болғанмен, 60 адам жiберiлдi, соның iшiнде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 15 адам (барлығы 19 млн. 460 мың теңге бөлiндi, 5499,9 мың теңге игерiлдi).

Екiншi компоненттiң үшiншi бағыты «Аумақтық ұтқырлықты арттыру»

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын iске асыру шеңберiнде Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидасына сай «Береке» ықшам ауданында Ю. Гагарин көшесiнiң бойында екi қызметтiк жатақхана пайдалануға берiлдi. Жатақханалар 200 пәтерге есептелген, олардан 16 пәтер — екi бөлмелi (45 шаршы метр), 184 пәтер — бiр бөлмелi (35 шаршы метр).

Мердiгерлiк ұйымдар: «Основание» ЖШС (Тимофеев С.П.) және «Альфа-Север» ЖШС (Капустин А.В.). Жалпы алаңы 9 690,5 шаршы метр, тұрғын — 3,230 шаршы метр. Теңгерiмдiк құны — 996 605 225 теңге.

Жатақханалар теңгерiмге қойылды және қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығына меншiк құқығын мемлекеттiк тiркеуден өттi, Орталықтың жанынан тұрғын үйдi бөлу жөнiндегi тұрғын үй комиссиясы құрылды.

2015 жылғы 10 желтоқсаннан 2016 жылғы 22 қаңтарды қоса Бағдарламаға қатысушылардан қызметтiк тұрғын үй беруге өтiнiштер қабылдау жүзеге асырылды.

Еңбекке қабiлеттi жастар, соның iшiнде балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар және кәмелетке толғанға дейiн ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ некеде тұрғандарға арналған жатақханалардағы бөлмелер мынадай шарттармен берiлдi: 1) жасы 29-ға дейiн; 2) қолданыстағы еңбек шарты, әлеуметтiк келiсiмшарты болумен «ЖҚЖК — 2020» бағдарламасының қатысушысы болу; 3) жилстройжинақ жүйесiне қатысу.

Қазiргi таңда жатақханаларда 296 адам тұрады, олардың 200-i «ЖҚЖК — 2020» бағдарламасының қатысушысы және 96 адам — отбасы мүшелерi. Бағдарламаның 200 қатысушысынан 25 жетiм, 49-ы — отбасылық жұп, 33 адам — мемлекеттiк қызметшiлер, 93-i — бюджеттiк сала жұмысшылары, 74-i қаланың жеке ұйымдарында қызмет атқарады.

Қызметтiк тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлем мөлшерiнiң есебi Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерiн есептеу әдiстемесiне сәйкес жүргiзiлдi.

Аударымдардың жалпы сомасы 3 жатақханадан айына 472,7 мың теңгенi құрады, жылына аударылған қаражат көлемi 5 672,0 мың теңгенi құрайды.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуiрдегi № 482 Заңы, Үкiметтiң 2011 жылғы қаулысымен бекiтiлген «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы, Үкiметтiң 2015 жылғы 31 наурыздағы №162 қаулысымен бекiтiлген «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы, 2015 жылғы 10 сәуiрдегi № 221 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберiнде Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру

2016 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасы iс-шараларын iске асыруға 4,4 млрд. теңге, соның iшiнде республикалық бюджеттен 4,2 млрд. теңге қаржы бөлiндi.

Бағдарламаның бiрiншi бағыты аясында 67 инфрақұрылымдық жобаны iске асыру жоспарланып отыр, оларда 1064 жұмыс орнын, соның iшiнде Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 549 жұмыс орнын құру жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 1 шiлдедегi жағдай бойынша барлық жобалар бойынша конкурстық процедуралар өткiзiлдi, 45 объектiде жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде, 3-уi бойынша iске асыру аяқталды. Iске асырылып жатқан жобаларда 596 жұмыс орны құрылды, оларға Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 308 адам еңбекке орналасты.

Бағдарламаның «Кәсiпкерлiк бастаманы ынталандыру» деген екiншi бағыты аясында 2016 жылы жалпы сомасы 917,1 млн. теңгеге 353 кредит беру жоспарланған. Кәсiпкерлiк негiздерiне оқудан 143 адам өтедi. 351,8 млн., теңге сомаға 144 несие берiлдi.

Ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Бағдарламаның үшiншi бағыты аясында 94 кәсiптiк оқуды, (қайта даярлау 70 адам, бiлiктiлiгiн арттырукурстарына  — 24 адам) аяқтады, олардың iшiнде 89 адам жұмысқа орналасты.

Әлеуметтiк жұмыс орындарына 254 қатысушы (жоспар — 200 болған кезде) жұмысқа орналастырылды, жастар практикасын өтуге 82 адам (жоспар — 296) жiберiлдi.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1754 адам дерекқордағы бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

2016 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасының үшiнiшi бағытының екiншi құрамдас бөлiгi аясында облысымыздың 5 ауданында еңбекшi жастарға арналған 135 пәтерге 6 жатақхана салу, сондай-ақ Аққайың ауданының Смирнов ауылында 5 жеке тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Қазiргi уақытта конкурстық процедураларжәне мердiгер ұйымдармен шарттарға қол қою жүргiзiлуде.

Ағымдағы жылдың басынан берi Петропавл қаласында Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша салынған жастар жатақханасына жалпы саны 283 адаммен 190 отбасы қоныстанды.

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOАлтын сапаДКБ2020ӘділетМодернизация пенсионной системы