Халықпен жұмыс жүргізу

2018 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар тәжірибесін және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын жұмыс берушілер туралы ақпарат (ZIP 34 Kb)

Қызмет алушылардың назарына

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысымен бекiтiлген 2017 жылға арналған мемлекеттiк тапсырмалар Тiзбесiнiң 55-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң «Әлеуметтiк оңалтуды дамыту ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек көрсету, оның iшiнде протездiк-ортопедиялық көмек беру бойынша әдiснамалық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету жөнiнде шарт жасасты.

Әдiснамалық қамтамасыз ету аясында ерекше күрделi және типтiк емес түрлерiмен зақымданған, сондай-ақ алғашқы протездеуден өтетiн мүгедектердi — Қазақстан Республикасы азаматтар, шетелдiктер және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, бiрақ азаматтығы жоқ адамдар- протездеубойынша жұмыстар орындалады.

2017 жылғы 15 қарашада «Әлеуметтiк оңалтуды дамыту ғылыми-практикалық орталығының» мамандары протездеу бойынша директордың орынбасары М.Ш. Шугаеповтың басшылығымен 3D-принтер дебасылып шығарылған аяқ-қолпротездерiнiң тұсаукесерiн өткiздi. Iс-шара интерактивтi Ашық есiк күнi форматында өттi.

Полимерлiк материалдар жасалған протездермүмкiндiгi шектеулi адамдарғакүнделiктi iс-әрекеттердi жсаған кезде туындайтын қолайсыздықтардан арылуына көмектеседi. Бұлжұмсақ және жеңiл полимерлiк материалды, ресейлiк және немiсөндiрiсiнiң берiктiгi жоғары байланыстырғыш тетiктерiнқолдану есебiненқол жеткiзiледi. Нәтижесiнде дайын өнiм нағыз аяқтың дерлiк дәл көшiрмесiн қайталай алады. Арнайы 3D-принтерде басылған үш өлшемдi протездердiң құнының салыстырмалы түрде қымбат еместiгiне қарай, қаржы жағынан алғанда да бәсекелестiк артықшылықтарыбар.

Үшөлшемдi аяқты құру процесiнде: бiрiншi кезекте пациенттiңденi сау аяғысканерден өткiзiлiп, содан кейiн компьютерлiк техниканың көмегiмен қалауы бойынша аяқ киiмнiң өлшемдерi ескерiлiп,симметриялық протездiң үлгiсi құрылады, фидер материалды басуғабередi, бiраз уақыттан кейiн берiк протез дайын болады. Оның қолжетiмдi бағасы пациент кежыл мезгiлiне байланысты әртүрлi аяқ киiмге арналған бiрнеше қосалқы протездерiн алуға мүмкiндiк бередi, бұлбiздiң климаттық жағдайлардаөте өзектi мәселе.

3D технологиясымен аяқ-қол протездерiнқұрумүмкiндiгi шектеулi адамдарға көмек көрсету саясат маңызды буын болуы мүмкiн.

Мүгедектерді әлеуметтік оңалту жүйесіндегі жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында 28 мыңнан астам мүгедек тұрып жатыр, олардың 7,4% мүгедек-балалар құрайды.

Жыл сайын мемлекеттік бюджет есебінен мүгедектер, техникалық көмекші (орнын толтырушы) оңалту құралдарымен, протездік-ортопедиялық көмекпен, санаторлық-курорттық емделумен, міндетті гигиеналық құралдарымен, жеке көмекшінің және ымдау тілі мамандарының әлеуметтік қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Мүгедектерге берілетін жүріп-тұру арнайы құралдары және техникалық көмекші (орнын толтырушы) оңалту құралдарының Тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы № 754 Қаулысымен бекітілген.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдауын жетілдіру мақсатында Тізбені жаңарту жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Демек, 2015 жылы Тізбеге мүгедек балаларға кохлеарлық имплантасымен сөйлеу процессорлары енгізілді, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін міндетті гигиеналық құралдарының нормасы: жөргектер - жылына 480-нен 730 данаға дейін, несеп қабылдағыш - жылына 12-ден 365 данаға дейін, нәжіс қабылдағыш - жылына 12-ден 365 данаға дейін өсірілді.

Аталған кезеңде мүгедектердің өмір сапасын арттыруға мүмкіндік беретін оңалту техникалары мен жабдықтары әлемдік нарықта серпінді дамуда.

Осыларға байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1036 Қаулысымен Тізбеге бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

2017 жылдың қаңтарынан бастап ескірген сурдо-, тифлотехникалық құралдар (бейнекомпьютерлер, компьютерлік тифложинақтар, тифломагнитолары, телефакстер, диктофондар) көру және/немесе есту органдары бұзылған мүгедектер үшін көпфункционалды жаңа заманғы ноутбуктар және мобилді телефондар сатып алу жоспарлануда.

Мыналарды ауыстыру қаралған:

- бейнекомпьютерлерін веб-камералы ноутбукке ауыстыру;

- компьютерлік тифложинақтарын сөйлеу синтезімен экрандық қолжетімдік бағдарламалы қамтамасыз етілген ноутбукке;

- диктофондар дыбыспен хабарлау және диктофонды мобилді телефонға;

- телефакстер, тифломагнитоланы қолданудан шығару, өйткені функциясы бойынша мобилді телефондар және ноутбуктермен сәйкес келеді;

- таяқтар (тифлотехникалық құралдар бөлігінде тифлотаяққа – баспасын анықтау.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен 2017 жылда көзінің көруі бұзылған адамдар үшін тифлотехникалық құралдар тізімін (термометр, тонометр, сөйлеу дыбысымен глюкометр), нәжісін шығару қызметі бұзылуымен тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектер үшін міндетті гигиеналық құралдарын (катетер, ылғалды сорғыш төсек жайма, терінің ылғандануын қорғау үшін паста-герметик, қорғау кремі, ұнтақ (опа) абсорбиралық, теріні тазартқыш, санитарлы жабдықталған кресло-орындық) кеңейту ұсынылды, брайлевтік шрифті сөйлейтін өздігімен үйреткіштен, Брайл бойынша жиылмалы әліппе, көруі бұзылған мүгедектер үшін тігетін инелерден басқа, олар қолданысқа 2018 жылдан бастап енгізілетін болады.

Денесінің бұзылу салдарынан өздігімен қызмет көрсетуі қиынданған мүгедектер үшін қосымша техникалық құралдар (киіну, шешіну үшін бейімделу және заттарды алуға құрал; дәретхана бөлмеге қайырмалы тұтқа, ванна бөлмелері үшін тұтқа, дыбыс бергіш аппарат) енгізу жоспарлануда.

2012-2018 жылдарға мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі Іс-шаралар жоспарының Үшінші кезеңін іске асыру жөнінде мемлекеттік органдарымен тұрақты негізде тіркелген жұмыс жалғасуда, олар мыналарды көздейді:

  • халықтың жас тобын есепке алумен мүгедектіктің алдын алу және ескерту, денсаулық сақтау және медициналық-әлеуметтік сараптама қызметтерін біріктіруін қамтамасыз ету;
  • еңбекке қабілетті халықтың жыл сайынғы алдын ала дәрігерге қаралуы;
  • мүгедек балалар үшін білім беру бағдарламаларын және стандарттарын қайта қарау арқылы инклюзивті білім беруін дамыту, көруі және естуі зақымданған балаларды кезең-кезеңмен оқулықтармен қамтамасыз ету, мүгедектерді оқытуға квота белгілеу үшін мамандықтар Тізбесін қайта қарау;
  • мүгедектер құқықтары туралы Конвенция сақталу мониторингі және тағы басқалар.

Солтүстік Қазақстан облысы кімдігінің жұмыспен

қамтуын үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Әлеуметтiк көмек жүйесiн дамыту («Өрлеу» пилоттық жобасы)

Республикада өткiзiлетiн реформалардың iшiнде халықты әлеуметтiк қорғау ең маңызды орын алады. «Өрлеу» жобасы — отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшарты негiзiнде отбасы бағдарлама талаптарының орындалу жауапкершiлiгiн өзiне алған кезде әлеуметтiк көмектiң белсендi түрлерiн қарастыратын, шартты ақшалай көмек беру (ШАК) мемлекеттiк бағдарламасының жобасы.

Бағдарламаның негiзгi мақсаты — отбасының табысын нақты арттыру. Шартты ақшалай көмек — отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшартының талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретiн ақшалай нысандағы төлем.

Жоба қатысушыларына келесi санаттар жатады: өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар және аз қамтылғандар. Келiсiмшарт талаптары бойынша оларға тұрақты жұмыс орнына, уақытша және маусымдық жұмыстарға, қоғамдық жұмыстарға және т.б. жұмыстарға орналастыру сияқты жұмыспен қамтудың белсендi шаралары қолданылады.

Әлеуметтiк келiсiмшарт 6 айға және тағы да 6 айға ұзарту мүмкiндiгiмен жасалады және де шартты ақшалай көмек ай сайын немесе 3 айда бiр рет төленедi.

Атаулы әлеуметтiк көмекпен салыстырғанда әлеуметтiк көмек көрсету өлшемдерi 40% ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен 60% дейiн өстi, яғни азық-түлiк себетiнiң деңгейiне дейiн.

Жобаны iске асыру үшiн жұмыспен қамту мәселелерi бойынша мамандар қарастырылады, одан әрi олардың мiндеттерiне келiсiмшарттың қызмет ету мерзiмi бойына отбасын сүйемелдеу және әлеуметтiк келiсiмшарт талаптарын орындау мониторингi кiредi.

Отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшарты негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

Өтiнiш бiлдiрушi

Уәкiлеттi орган → жұмыспен қамту мәселесi бойынша УО маманы

  1. консультация өткiзедi
  2. әлеуметтiк келiсiмшарт жасау шарттарын түсiндiредi
  3. әңгiмелесу парағын және сауалнама толтырады
  4. отбасына көмек көрсетудiң жеке жоспарын әзiрлейдi
  5. отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшартын жасау

ӨТIНIШ БIЛДIРУШI 1 жұмыс күнi ағымында жұмыспен қамту орталығына жұмыспен қамтуды қолдаудың белсендi шараларына қатысуға жiберiледi

Жеке жоспар өтiнiш бiлдiрушiмен бiрлесiп жасалады және белгiленген iс-шараларды құрайды:

  1. УО және (немесе) жұмыспен қамту орталығының қолдауымен белсендi түрде жұмыс iздестiру және олар ұсынған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу;
  2. кәсiби даярлықтан, қайта даярлаудан, бiлiктiлiктi көтеруден өту;
  3. жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру, жеке қосалқы шаруашылықты жүргiзу;
  4. халықтың нысаналы тобының кезеңдiк скринингтiк тексеруден өтуi;
  5. отбасы құрамында жүктi әйел болған жағдайда акушерлiк-гинекологиялық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында жүктiлiктiң 12 аптасына дейiн медициналық тiркеуге тұру және және жүктiлiктiң барлық кезеңiнде бақылауда болу;
  6. әлеуметтiк мәнi бар аурулардан (маскүнемдiк, нашақорлық, туберкулез) ерiктi түрде емделу;
  7. арнаулы әлеуметтiк қызметтердi және (немесе) мүгедектердi оңалту шараларын дер кезiнде алу;
  8. УО қарауы бойынша белгiленген, аз қамтылған отбасының (азаматтың) жеке қажеттiлiгiне байланысты кәсiптiк және әлеуметтiк бейiмделу бойынша басқа да iс-шаралар.

ШАК негiзгi алушылары АӘК және МБЖ алушылар болуы керек.

Әлеуметтiк көмек көрсетулер берiлмейтiн жағдайлар:

  1. өтiнiш бiлдiрушiнiң жалған мәлiметтер бергенi анықталғанда;
  2. өтiнiш бiлдiрушi адам (отбасы) материалдық жағдайына тексерiс жүргiзуден бас тартқан, жалтарған жағдайда;
  3. әлеуметтiк көмек көрсету үшiн адамның (отбасының) жан басына шаққандағы табыс мөлшерi шектен шықса;

Осылайша, ең төменгi қолжетiмдi деңгейдегi масылдық күйiн тудырған атаулы әлеуметтiк көмек болған, енжарлық әлеуметтiк қолдау орнына, адамға жұмысқа орналасуына, жалақы алуына және келешекте отбасының аз қамтамасыз етiлгендер iшiнен шығуы үшiн қосымша табыс табуына мүмкiндiк ұсынылады.

Мысал. 6 адамнан құралған отбасы, 2 адам еңбекке қабiлеттi. Жұбайы 7 жасқа дейiн бала күтiмi бойынша, ерi тiркелмеген жұмыссыз. Өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен табыс 60000 теңгенi құрайды, көп балалы отбасы ретiнде алатын арнайы мемлекеттiк жәрдемақы тоқсанға 24738 теңгенi құрайды. Отбасының жан басына шаққандағы табыс мөлшерi айына 4707,67 теңгенi құайды. АӘК тағайындау кезiнде отбасы әр адамға 2788,33 теңге мөлшерiнде қосымша ақы алған болса, отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшартын жасаған кезде 6537,33 теңге мөлшерiнде қосымша ақы төленетiн болады.

Отбасы құрамы, адам Тоқсанға отбасының жиынтық табысы Отбасының бір айға жан басына шаққандағы табысы АӘК кедейлік шегіне дейін қосымша ақы ШАК азық-түлік себетіне дейін қосымша ақы
Оның ішінде еңбекке қабілеттілер Оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар Көп балалы отбасы ретінде ӘМК Өзін-өзі жұмыспен қамтудантүскен табыс   Жан басына шаққандағы табыс = тоқсанға/адам саны/3 айға жиынтық табысы   АӘК қосымша ақысы = кедейлік шегі – отбасының жан басына шақ-қандағы табысы ШАК қосымша ақысы = азық-түлік себеті - отбасының жан басына шаққандағы табысы
2 4 24738 60000 84738/6/3 7496-4707,67 11245-4707,67
6 адам 84738 тг 4707,67 тг 2788,33 6537,33

«2016 жылы Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздiк әлеуметтiк жобалар» атты байқауды өткiзу туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012-2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын iске асыру шеңберiнде жоспарлауымен «2016 жылы Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздiк әлеуметтiк жобалар» атты өңiрлiк байқау (бұдан әрi — Көрме) жоспарлады.

Көрме мүмкiндiктерi шектеулi тұлғаларды, қоғамдық ұйымдарды қолдау және төмендегiдей халықтың әлеуметтiк осал топтарының өмiр сапасын жақсарту мақсатында әзiрленген:

  • Жетiм балалар;
  • мүгедектер;
  • аз қамтылған және көп балалы отбасылар;
  • жұмыссыз және жалғыз басты азаматтар;
  • егде жастағы, ардагерлер және басқа санаттағы тұлғалар.

Көрме 2 кезеңнен тұрады:

1 кезең (iрiктеу) — облыстық, 2016 жылғы маусым және тамыз айлары аралығында өтедi;

2 кезең (ақтық) — республикалық, оған 1 кезеңнiң 1 жеңiмпазы қатысады, 2016 жылғы қазан айында өтедi.

Аталмыш iс-шараға қоғамдық бiрлестiктер, мүгедектер ұйымдары, өзге мекемелер мен ведомствалар, жеке тұлғалар және қаржыландыру көздерiнен дербес халықты әлеуметтiк қорғау жүйесi шеңберiнде қызметтi жүзеге асыратын басқа да үкiметтiк емес ұйымдар қатыса алады.

Барлық сұрақтар бойынша Солтүстiк Қазақстан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына, тел: 8 (715) 2 46-29-01, Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне, тел. 8 (715) 2 40-05-93 хабарласа аласыз.

Әлеуметтiк жобаларды iрiктеу бойынша iс-шараға қатысу үшiн өтiнiм

«Қазақстанда iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» бойынша iрiктеудi өткiзу жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдар

Әлеуметтiк жұмыс орындары

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар әлеуметтiк қорғау арқылы халықты жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.

Әлеуметтiк жұмыс орындары жұмыс берушiлердiң халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн, жергiлiктi атқарушы органдарымен шарт негiзiнде ашатын, жұмыс берушiлердiң олардың еңбегiн төлеуге жұмсаған шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны. Бұл жұмыс орындары нысаналы топтар үшiн арнайы тағайындалған, жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипат алады және оны ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.

Жұмыс берушiнiң әлеуметтiк жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздың еңбегiне ақы төлеуге жұмсалған шығыстары жергiлiктi бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiлеген жалақының ең төменгi мөлшерiнен 50% мөлшерiнде алты ай iшiнде iшiнара өтеледi.

Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау және оңалту

Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау және қорғау, экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын iске асыру үшiн оларды тең мүмкiндiктермен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, сондай-ақ қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiмен кепiл етiледi.

«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» ҚР 2005 жылғы 13 сәуiрдегi №39-III Заңы Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.

Мүгедектер мемлекеттiк тапсырыс қаражатының есебiнен медициналық, әлеуметтiк және кәсiби оңалту курстарын өтедi, арнайы қозғалыс құралдарымен, санаторий-курорттық емдеумен, сурдотехникалық, тифлотехникалық және басқа да оңалту құралдармен қамтамасыз етiледi.

Мүгедектерге кепiлдендiрiлген мемлекеттiк бюджеттен төленетiн жәрдемақымен қатар, мүгедектердi әлеуметтiк қорғаудың бiр элементi мүгедектердi оңалту организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуынан тiршiлiк-тынысының шектелуiн жоюға немесе оның орнын мүмкiндiгiнше толықтай толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк iс-шаралар кешенi болып табылады.

Мүгедек баланы жалпы немесе арнайы мектепке дейiнгi ұйымдарда және басқа да оқу орындарында тәрбиелеуге және оқытуға мүмкiндiк болмаған жағдайда, үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтiк көмек психологтық-медиктiк-педогогтық консультативтiк комиссияның берген қорытындысы негiзiнде тағайындалады. Әлеуметтiк көмектiң көлемi 6,5 мөлшерiнде бiр тоқсанға тағайындалады.

Тұрғын үй көмегiн тағайындау

«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi №94-1 Қазақстан Республикасының Заңына және отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi төлеуге тұрғын үй көмегiн ұсыну Ережелерi (бұдан әрi — Ереже) сәйкес, Петропавл қаласында тұрақты тұратын меншiк иесi, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан баспана жалдаушы болып табылатын аз қамтамасыз етiлген азаматтар тұрғын үй көмегiне құқығы бар.

Тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға Ережемен бекiтiлген нормалар шегiнде отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде тұрғын үй көмегiнiң көлемi есептеледi (отбасы табысынан 10%).

Одан басқа, «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» мемлекеттiк бағдарламасын сәйкес, егер тұрғын үй кондоминиум объектiсi ретiнде тiркелсе және басқару органы болса, сондай-ақ егер пәтер иесiнiң күрделi жөндеуге, коммуналдық қызметтердi төлеу үшiн және тұрғын үйдi ұстауға шығыстары Ережемен бекiтiлген нормалар шегiнде, бiрлескен отбасы табысынан 10% асса әрбiр көп пәтерлi тұрғын үй иесi тұрғын үй көмегiн ала алады.

Тұрғын үй көмегi өтiнiш бiлдiру арқылы тағайындалады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн арыз қабылдау және нәтижесiн беру мыналармен жүргiзiледi:

  1. «Тұрғындарға қызмет көрсету орталығы» РМК (әрi қарай — ТҚО);
  2. «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz порталы (әрi қарай — портал), ЭЦҚ — электронды цифрлы қолы болған жағдайда.

Портал арқылы жүгiнгенде мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi қызмет алушының «жеке бөлмесiне» қызмет көрсетушi өкiлiнiң ЭЦҚ куәләндiрiлген электронды құжат қалыбында жiберiледi.

Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн келесi құжаттарды ұсыну қажет:

1) ТҚО-на:

  • қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат, (түп нұсқасы қызмет алушының жеке куәлiгiнiң көшiрмесiмен салыстыру үшiн ұсынылады);
  • өтiнiш берушiнiң және оның отбасы мүшелерiнiң өтiнiш жасаған тоқсан алдындағы тоқсанда алған айсайынғы табыстары туралы мәлiметтер;
  • өтiнiш жасаған соңғы тоқсандағы тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтер үшiн айсайынғы нақты төлем туралы мәлiметтер;
  • тұрғын үйдi ұстау үшiн айсайынғы төлем мөлшерлерiнiң шоттары;
  • коммуналдық қызметтердi тұтыну шоттары
  • телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
  • тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот.

2) порталға:

  • қызмет алушының ЭЦҚ куәләндiрiлген электронды құжат қалыбындағы сұрауы;
  • отбасының өтiнiш жасаған тоқсан алдындағы тоқсанда алған айсайынғы табыстарын растайтын құжаттардың электрондық көшiрмелерi;
  • өтiнiш жасаған соңғы тоқсандағы тұрғын үйдi ұстау үшiн айсайынғы төлем шоттарының электрондық көшiрмелерi;
  • коммуналдық қызметтердi тұтыну шоттарының электрондық көшiрмелерi;
  • телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шоттарының электрондық көшiрмелерi немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
  • тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шотының электрондық көшiрмесi.

Азаматтардың ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге айлық шығындарының орнын толтыру үшiн кондоминиум объектiсiнiң басқару органы қосымша тапсырады:

  1. кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу қажеттiгi және кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу түрлерiн жүргiзуге арналған келiсiлген шығыстар сметасының кондоминиум объектiсiн басқару органында бар екендiгi көрсетiлген тұрғын үй инспекциясы қорытындысының көшiрмесi;
  2. кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу туралы құқығын белгiлейтiн құжаттың көшiрмесi;
  3. кондоминиум объектiсiн басқарушы органды сайлау туралы меншiк иелерi жиналысы хаттамасының көшiрмесi;
  4. пәтер иелерiнiң айсайынғы қарыз жабу кестесi.

Тұрғын үй көмегi ағымдағы тоқсанға тағайындалады, өтiнiштер мен құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-iне дейiн қабылданады, өткен тоқсанның табыстары есепке алынады.

Тұрғын үй көмегi жөнiнде толық мәлiметтi Театр көшесi, 36 (К. Сүтiшев көш. бұрышы.) мекенжайынан алуға болады, 4-шi, 5-шi кабинеттер, тел: 400592, 400590.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» ҚР 2001 жылғы 17.07. №246-II Заңына, «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» ҚР 2005 жылғы 28.06. №63 Заңына сәйкес, халықтың әлеуметтiк-әлсiз топтары әлеуметтiк қолдаудың мынадай түрлерiн алады: мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек, 18 жасқа дейiнгi балаларға мемлекеттiк жәрдемақы.

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлiк шегiнен аспайтын ҚР азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдiктердiң және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар. Атаулы әлеуметтiк көмектiң мөлшерi жан басына шаққандағы орташа табыс пен отбасының әрбiр мүшесiне есептелген кедейлiк шегiнiң белгiленген айырмасын құрайды.

18 жасқа дейiнгi балаларға мемлекеттiк жәрдемақы

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақы алуға ҚР тұрақты тұратын, ҚР азаматтарының және азық-түлiк себетiнен төмен орташа жан басына шаққандағы табысы бар оралмандардың құқығы бар. Балаларға берiлетiн жәрдемақы көлемi 1 АЕК ай сайын әр балаға.

Егер баланың әкесi немесе анасы (асырап алушылары) бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердi, мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейiнгi баланы күтумен айналысатын жағдайлардан басқа, жұмысқа жарамды жұмыс iстемейтiн, күндiзгi оқу түрi бойынша оқымайтын, әскерде қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту мәселелерi бойынша уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелiмi жоқ болса балаларға арналған жәрдемақылар тағайындалмайды.

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOАлтын сапаДКБ2020ӘділетМодернизация пенсионной системы