Басшылық. Байланыс

Данияр Ерболұлы Асылбеков
Бөлім басшысы

Данияр Ерболұлы АсылбековДанияр Ерболұлы Асылбеков Петропавл қаласы әкiмiнiң 2018 жылғы 29 қарашадағы № 311 өкiмiмен «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ басшысы болып тағайындалды.

Асылбеков Данияр Ерболұлы 1981 жылғы 12 тамызда Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Жаңаталап ауылында дүниеге келген.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк университетiн бiтiрген.

Мамандығы: математика, қаржы.

Еңбек жолын 2002 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы қалалық классикалық гимназиясында математика пәнiнiң мұғалiмi, зерханашы, оператор болып бастаған.

Өзiнiң еңбек қызметiнде Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласының Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы облыстық филиалының аға маманы, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының жиынтық-талдау бөлiмiнiң бас маманы, Петропавл қаласы әкiмi аппаратының бақылау-ұйымдастыру бөлiмiнiң бастығы, Петропавл қаласы әкiмiнiң көмекшiсi, Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi бастығының орынбасары, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлiмiнiң нұсқаушысы, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлiмiнiң меңгерушiсi, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бас инспекторы, облыс әкiмiнiң бас инспекторы — Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлiмiнiң сыртқы байланыс секторының меңгерушiсi, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппараты индустриялық-инновациялық даму бөлiмiнiң меңгерушiсi лауазымдарын атқарған.

2018 жылғы сәуiр айынан бастап қазiргi уақытқа дейiн «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» КММ аймақтық жобалау басқармасы бөлiмiнiң бас инспекторы лауазымын атқарды.

Отбасы жағдайы: үйленген, екi бала тәрбиелеп отыр.

Жақыпов Талғат Ілиясұлы
Басшының әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі орынбасары

1988 жылғы 10 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомольское ауылында дүниеге келген

Солтүстік Қазақстан университеті;

Көкшетау университетін бітірген.

Мамандығы: Құқық және экономика негіздері. Құқықтану.

Еңбекжолын 2010 жылдан бастап«НұрОтан» ХДП Солтүстік Қазақстан филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің маманы болып бастаған.

Жұмыс істеген жылдары«НұрОтан» ХДП Петропавлқалалық филиалының кеңесшісі; Қызылжар аудандық жерқатынастары бөлімінің КП операторы; Қызылжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы; Жастар бастамалары орталығының заңкеңесшісі; Петропавл қаласы жерқатынастары бөлімінің инспекторы-заңгерінің көмекшісі; Петропавл қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің инспекторы; Петропавл қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлықбөлімінің бас инспекторы лауазымдарын атқарды.

Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасары болып 2019 жылғы 16 қазанда тағайындалды.

Отбасылық жағдайы: үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

Біржанова Юлия Аманбайқызы
Басшының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орынбасары

1984 жылы 07 қаңтарда Көкшетау облысы Куйбышев ауданы Пески ауылында дүниеге келген.

Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген

Мамандығы: экономист.

Еңбекжолын 2007 жылы Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің еңбек нарығы және лицензиялау бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

Жұмыс істеген жылдары Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің еңбек нарығын талдау және мониторингілеу секторының меңгерушісі; Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсіреповауданының жұмыспен қамту орталығының директоры лауазымдарын атқарған.

Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орынбасары болып 2020 жылғы 27 мамырда тағайындалды.

Отбасылық жағдайы: тұрмыста, үш бала тәрбиелеп отыр.

Байланыс

«Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ҚММ

Сенiм телефоны: 8 (7152) 53-07-84.

Телефон/факс: 8 (7152) 53-07-84.

Индексi: 150008.

Мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Театральная көшесi, 36.

E-mail: petroozsp@sqo.gov.kzpetroozsp@sko.gov.kz

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOАлтын сапаДКБ2020ӘділетМодернизация пенсионной системы