БАҚ-та ресми сөз сөйлеу және мақалалар

Әлеуметтiк-еңбек саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң рәсiмдерiн жетiлдiру

Әлеуметтiк бағдарланған қоғамды құру — «Қазақстан-2020» Стратегиясы «Әлеуметтiк саясаттың жаңа принциптерi — әлеуметтiк кепiлдiктер мен жеке жауапкершiлiк» үшiншi басымдық аясында Президент Н.Ә. Назарбаевпен қойылған негiзгi мiндеттерiнiң бiрi.

Сапа мен қолжетiмдiлiк, сондай-ақ, үрдiстi үнемi жетiлдiрiп отыру, үнемшiлдiк пен тиiмдiлiк — мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң негiзгi қағидалары болып табылады. Аталған қағидаларды жетекшiлiкке ала отырып, жыл сайын жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi мемлекеттiк қызметтердi көрсету жүйесiн жетiлдiрiп отырады. 2016 жылдың соңында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер тiзiмi 2 жаңа қызметпен толықты: «жұмыссыз ретiнде («Жұмыс iздеп жүрген тұлғаларды тiркеу»). Бiр мезгiлде мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2 қызмет оңтайландырылды («Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке алу», «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»).

«Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ әлеуметтiк-еңбек саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң жалпы саны — 18 мемлекеттiк қызмет.

оның iшiнде, баламасыз негiзде:

1. «Ақталған адамға куәлiк беру» — тек қана ХҚКО арқылы

2. «Жұмыссыз ретiнде жұмыс iздеп жүрген тұлғаларды тiркеу» — тек қана Жұмыспен қамту орталықтары арқылы — 1 қызмет:

тек қана Жұмыспен қамту бөлiмi арқылы — 7 қызмет:

  1. «Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек көрсету үшiн, құжаттар ресiмдеу»;
  2. «Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»;
  3. «Жүрiп-тұруы қиын 1 топ мүгедектерiне жеке көмекшi қызметiн көрсету үшiн және есту кемiстiгi бар мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметiн ұсыну бойынша құжаттарды ресiмдеу»;
  4. «Мүгедектерге кресло-коляскаларды ұсыну»;
  5. «Мүгедектердi санаторлық-курорттық еммен қамтамасыз ету үшiн құжаттар ресiмдеу»;
  6. «Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнайы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге құжаттар ресiмдеу»;
  7. «Үйде қызмет көрсету жағдайында арнайы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге құжаттар ресiмдеу»;
  • баламалы негiзде
  • «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы және Жұмыспен қамту бөлiмi мен «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы — 3 қызмет

1. «Мүгедек балаларды үйде оқыту үшiн шығындарды өтеу»;

2. « Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушылар қатарына жататындығын растайтын анықтама беру»;

3. «Жергiлiктi өкiлеттi органдар шешiмiмен мұқтаж азаматтардың кейбiр санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау»;

  • Жұмыспен қамту бөлiмi мен «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы — 2 қызмет

1. «Тұлғаларға жұмыспен қамтудың белсендi шараларына қатысу үшiн жолдамалар беру»;

2. «Жұмыс iздеп жүрген тұлғаларды тiркеу».

  • «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы және Жұмыспен қамту бөлiмi мен «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы — 1 қызмет

1. «Тұрғын үй көмегiн тағайындау».

  • «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы және Жұмыспен қамту бөлiмi арқылы — 3 қызмет

1. «18 жасқа дейiнгi балаларға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау»;

2. «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау»;

3. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу, бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және оларға куәлiк беру».

Барлық мемлекеттiк қызметтер тегiн негiзде, қызмет көрсету нысаны бойынша электронды және қағаз түрiнде көрсетiледi.

халықты әлеуметтiк қорғау саласында қызмет алушыларсаныныңжыл сайынөсуi олардың әлеуметтiк маңыздылығы мен бағытын ескере отырып, халық арасында қажеттiлiгiн растайды. 2016 жылы барлығы 16203 көрсетiлсе, ағымдағы жылдың 6 айында 9615 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

Ең көп сұранысқа ие болғандары «Жұмыс iздеп жүрген тұлғаларды тiркеу» — 2642, «Тұрғын үй көмегiн тағайындау» — 2621, «Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» — 675, «Жергiлiктi өкiлеттi органдар шешiмiмен мұқтаж азаматтардың кейбiр санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау» — 657.

Халыққа ұсынылатын әлеуметтiк қызметтердiң сапасы ақпараттық сүйемелдеумен тығыз байланыста болады. Халықтың ақпараттануын көтеру, қолжетiмдiлiктi кеңейту және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, бөлiм ағымдағы жылы 1120 аса қала тұрғыны қатысқан 3 Ашық есiк күнiн, 8 бос жұмыс орындары жәрмеңкесiн өткiздi. Халықтың түрлi санаттағы азаматтары қатысқан 20 астам кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастырылды. Осылайша, қаланың 6 мектебiнде атаулы әлеуметтiк көмек, балалар жәрдемақысын, алушылармен кездестiк, сотталғандармен кездесу үшiн тұрақты түрде атқару жүйесi мекемелерiне шығып тұрамыз, «Қақпа алдындағы кездесу» акциясына қатысамыз. Түсiндiру жұмыстарымен мүгедектер қоғамдық бiрлестiктерiнiң жиналыстарына шығу және т.б. тәжiрибемiз бар. Сонымен қатармақсатты жұмыс жүргiзiлетiн басым санаттағылар есебiнде жұмыссыздар, өзiн-өзi нәтижесiз жұмыспен қамтыған азаматтар, зейнетақы төлемдерi жоқ зейнеткерлiк жас алдындағы тұлғалар, әлеуметтiк аз қамтылған азаматтар және т.б.

Азаматтардың мемлекеттiк қызметтiң ұсынылу тәртiбi туралы хабардарлығын көтеру үшiн, ақпараттық технологиялар кең қолданылады. Барлық қажеттi ақпарат, сондай-ақ, қызметтердiң стандарттары мен регламенттерi Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ғаламтор-ресурстарында, Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi сайтында орналастырылған. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi, Халықты жұмыспен қамту орталығы, 3-шi емхана, петропавл қаласының құрылыс-экономикалық колледжi, Қалалық мәдениет Үйi ғимараттарында 5 «Жұмыспен қамту» ақпараттық орталықтары орнатылған, онда қала тұрғындары жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау, бос жұмыс орындары мәселелерi бойынша ақпарат ала алады. Қосымша 1-шi және 2-шi емхана ғимараттарында да орнату жоспарланып отыр.

Бөлiммен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер туралы МТРА, ОТРА телеарналарында телевизиялық репортаждар, «Солтүстiк Қазақстан», «Проспект СК», «Қызылжар нұры», «Информ-Вест» газеттерiнде 34 мақаладайындалды. 5300 ақпараттық буклеттер мен парақшалар әзiрленiп, таратылды. Бөлiм ғимаратының бiрiншi қабатындаәр қызмет бойыншакөлжетiмдi деңгейде көзбен көруге арналған стендтер орнатылған.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету үдерiсiн жетiлдiру, оның iшiнде, автоматтандыру және автоматтандыру бойынша қызмет жүйелi түрде жүргiзiледi. Қызмет алушылар баламалы негiзде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысуға жолдамалар алуға, қиын өмiр жағдайында әлеуметтiк көмек тағайындауға, Мүгедек балаларды үйде оқыту үшiн шығындарды өтеу, Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушылар қатарына жататындығын растайтын анықтама алуға, Жұмыс iздеп жүрген тұлғаларды тiркеу, Тұрғын үй көмегiн тағайындауға WW.egov.kz. «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүгiне алады.

2016-2017 жж бөлiмнiң 17 қызметкерi «Мемлекеттiк қызметтi көрсету сапасы» тақырыбында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру аймақтық орталығында бiлiктiлiгiн арттырды.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң одан әрi сапасын арттыру және уақтылылығы мәселесi тұрақты бақылауда, оларды көрсету тәртiбiн бұзушылықты болдырмау бойынша шаралар қолданылуда.

Мемлекеттiк қызметтер бойынша толық ақпарат алу үшiн, Театр к., 36 (К. Сүтiшев көшесiнiң бұрышы) мекенжайы немесе 530933 телефоны немесе Бөлiм сайты арқылы ала аласыз.

Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатты беру

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы (бұданәрi — Басқарма) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар берудi жүзегеасырады.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап «Жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративiшiлiк ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы №559 бұйрығы қолданысқа енгiзiлдi, оған сәйкес рұқсаттыбергенiжәне (немесе) ұзартқаны үшiн жұмыс берушiлерден «Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатты бергенi және (немесе) ұзартқаны үшiн алым мөлшерлемелерiн белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 18 тамыздағы №459 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатты бергенi және (немесе) ұзартқаны үшiн алым мөлшерлемелерiне сәйкес салық алымы алынады.

Экономикалық қызмет түрлерiне және тартылатын шетелдiк қызметкерлердiң санаттарына байланысты шетелдiк жұмыс күшiнтартуғарұқсаттыбергенiжәне (немесе) ұзартқаны үшiн алым мөлшерлемелерi 137-ден 250 АЕК-ке дейiн шаманы құрайды.

Рұқсаттар халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде берiледi.

2018 жылға квотаны қалыптастыру үшiншетелдiк жұмыс күшiн тартуға ниет бiлдiрген жұмыс берушiлер 1 тамызға дейiн Басқармаға алдағы жылға шетелдiк жұмыс күшiне қажеттiлiктi ұсынады.

Жұмыс берушiлердiң қажеттiлiгiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiндегi комиссия (бұдан әрi — Комиссия) қарайды, ол жұмыс берушiлердiң алдағы жылға сұратып отырған шетелдiк жұмыс күшiне қажеттiлiгiн қанағаттандыру туралы не одан бас тарту туралы ұсынымдар шығарады. Комиссияның шешiмi жұмыс берушiлердiң әрбiр өтiнiмiне қатысты жеке қабылданады, хаттамамен ресiмделедi және оған отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерi қол қояды.

Қосымша сұрақтар бойынша 8(715-2) 46-37-43 телефонға хабарласуға болады, факс 46-90-73, электрондық пошта zsp@sko.kz, басқарманың веб-сайты ukzsp.sko.gov.kz.

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOАлтын сапаДКБ2020ӘділетМодернизация пенсионной системы