Басты

Құрметтi достар!

Сiздер «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ ресми сайтында қош келдiңiздер

Бөлiм өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi және Үкiметiнiң актiлерiне, облыс Әкiмi және қала Әкiмiнiң шешiмдерiне және басқа нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырады.

Қаламызда халықты жұмысқа орналастырудың нақты мәселелерiне бағытталған, кедейлiк деңгейiн төмендетуге, мүгедектердi оңалтуға, ҰОС ардагерлерiне көмек көрсетуге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған он үш әлеуметтiк жоба сәттi iске асырылуда.


Бiздiң сайтымызда азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетiлетiн әлеуметтiк қолдау шаралары және әлеуметтiк қызметтер, қалада iске асырылатын әлеуметтiк бағдарламалар, өткiзiлетiн маңызды iс-шаралар туралы ақпарат алуға болады.

Бөлiм құрылымы мен қызметi және оған бағынысты мекемелер туралы толық ақпарат орналастырылған. Қажеттi мәлiметтi жылдам және мақсатты таңдап алуға тақырыптық бөлiмдер мен сайт рубрикалары көмектеседi. Өзара әрiптестiк бойынша кез-келген ұсынысты, сiзге ұсынылған сайттың мазмұндық деңгейiн арттыру, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау және қала тұрғындарына әлеуметтiк қызмет көрсету мекемесiнiң жұмысына қатысты ұсыныс-тiлектерiңiздi қабыл алуға дайынбыз.

Сайт сiздiң сенiмдi досыңыз және кәсiби қызметiңiзбен күнделiктi өмiрiңiзде көмекшiге айналатынына сенемiз.

Бейбiтшiлiк, мейiрiмдiлiк пен амандылық тiлеймiз!

«Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi:
150008, Петропавл қ.,Театральная к., 36.
Телефон/факс: 53-07-84
Сенiм телефоны: 53-07-84
Е-mail: petroozsp@sqo.gov.kzpetroozsp@sko.gov.kz


Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi «Үздiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметкерi» конкурсын өткiзiп жатыр

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOАлтын сапаДКБ2020ӘділетМодернизация пенсионной системы